Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқушылар сабақтан себепсіз қалса, ата-анасына айыппұл салынады: Ақпаратты министрлік түсіндірді

Қазақстандықтар “мектеп оқушыларының балалары себепсіз сабақтан қалса, ата-анасына айыппұл салынады” деген ақпарат таратып жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, елімізде мұндай жаңашылдық жоспарланбаған.

"Біз бұл ақпаратты растамаймыз", – деді департаменттің баспасөз қызметі.

Бұл қазақстандықтардың жақында отбасылық қатынастарды реттейтін заң жобалары туралы жалған ақпарат таратуы бірінші рет емес. Мәселен, бұған дейін ғаламторда ата-анаға балаларын жазалауға заң жүзінде тыйым салынады, ал мектеп оқушыларын сабақтан жасырын түрде белгісіз жаққа алып кетеді деген жалған ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ балаларына екпе салудан бас тартқан ата-аналар психиатриялық диспансерлерде күштеп емделетіні, егер бала сабаққа кешігіп немесе жалғыз жүрген болса, ата-анасы оны тәрбиелеу құқығынан айырылады деген де жалған ақпараттар болды.


Перзентханаларда нәрестелерге COVID-19 індетіне қарсы екпе салынады: Ақпаратты министрлік түсіндірді

Талқылау