Оқушы қыздарды азғындамақшы болған министр ұсталды
Ресей Федерациясы Архангельск облысының білім министрі Юрий Гнедышев кәмелет жасына толмағандарды азғырған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2019 жылы желтоқсан айында шенеунік екі оқушы қызбен әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп, оларды жыныстық қатынасқа тартпақ болғаны әшкереленіпті. Тіпті, жергілікті министр қыздардың біреуіне порнографиялық бейнежазба жіберген.
Гнедышев 38 сағатқа жасөсіпірімдерді азғырғаны үшін қамауға алынған. Оның кабинетіндегі заттар заттай айғақ ретінде тәркіленген.
Қазіргі таңда оның телефонындағы жеке парақшасы мен жазбалары тексерілуде.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды