2024 жылдың сөзі анықталды
Оксфорд ағылшын сөздігі жыл сөзі ретінде brain rot (ми шірігі) тіркесін таңдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Сorp.oup басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: life.ru
Бұл сөз 37 мың оқырман арасында дауыс беру арқылы таңдалды.
“Brain rot” сапасы төмен интернет-контентті шамадан тыс тұтыну нәтижесінде адамның психикалық немесе интеллектуалдық жағдайының нашарлауын білдіреді. Бір жылда бұл сөзді қолдану жиілігі 230% өскен.
"Brain rot" сөзін алғаш рет 1854 жылы Генри Дэвид Торо өзінің "Уолден немесе ормандағы өмір" кітабында қолданған. Торо бұл кітапта қоғамның күрделі идеяларды құнсыздандыруға бейімділігін сынға алды.
"Термин цифрлық дәуірде жаңа мағынаға ие болды.
“Brain rot" әлеуметтік желіде интернет контентті шамадан тыс тұтынудың кері әсер беретінін түсіндіру мақсатында қолданылып жатыр", – деді сөздік құрастырушылар.
Айта кетейік, бұған дейін әлемдік сарапшылар 2023 жылы өзекті болған және жиі айтылған "жыл сөзін" анықтаған еді. Коллинз сөздігі бойынша "AI" термині, яғни жасанды интеллект "жыл сөзі" ретінде танылcа, Швейцария мен Қытайда "ChatGPT" сөзі танымалдыққа ие болған.