Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да зорланған қызға қатысты пікір білдірген прокурор қызметінен қуылды

Оңтүстік Қазақстан облысында зорланған қызға қатысты істі Бас прокуратура өз бақылауына алды.

Безымянный

Бұл туралы ведомства Фейсбуктағы парақшасында жариялаған. Сондай-ақ, Бәйдібек ауданының прокуроры Әбутәліп Мұстафаевтың қызметтен шеттетіліп, оған қатысты қызметтік тексеріс басталғаны да жарияланыпты.

“Күдікті ұсталып, сот санкциясымен тұтқынға алынды. Іс ОҚО ІІД-не берілді. Іс бойынша облыстық прокуратураның процессуалды прокуроры тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін экс-депутат Мұрат Әбенов аталмыш прокурордың “Время” басылымына берген сұхбатынан соң оны қызметінен қуу керек деп пікір білдірген болатын.

“Кім оған 14 жастағы қыздың жеке өмірі туралы пікір айтып, қызға деген сенімсіздік тудыруға құқық берді. Оларды бір-бірін жақсы көреді деп айту арқылы, жыныстық қатынасқа ерікті түрде барды деген ұғымды неге тықпалап отыр? Сараптама қорытындысы жарияланбай тұрып ол неге алдын ала кесіп пішіп пікір айтады? Мұны зардап шегуші тарапқа жасалған қысым деп айтуға болады”, – дейді Әбенов.

Талқылау