Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да пәтер ұрлап келген тонаушылар тобы құрықталды

Полиция қызметкерлері Сарыағаш және Мақтарал аудандарында тонаушылық жасаған қылмыстық топты құрықтады. Бұл туралы  Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жергілікті тұрғын кезекші бөлімге белгісіз тұлғалар көршісінің пәтеріне шабуыл жасағанын хабарлап, ұрылардың үстінен арызданды.

Жедел тергеу тобының қызметкерлері бірде оқиға орнына келсе, маска киген белгісіз тұлғалар үйге кіріп пәтер қожайынын әйел, бала-шағасымен қоса ұрып-соғып, байлап кеткен екен. Қылмыскерлер үйдегі ақша мен алтын бұйымдарды қолды қылған.

Тексеру жүргізілгеннен кейін үй иесі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Осы оқиғадан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық топты қолға түсірді. Тонаушылар 1982, 1986, 1989 және 1990 жылы туылған Шымкент тұрғындары екен. Қылмыстық топ мүшелерінің үшеуі қамауда, ал екеуі іздеуде.

Күдіктілердің бәрі бұрын сотталған деп атап өтілді. Тергеу барысында тергеушілер қолға түскен ұрыларды өткен жылдың аяғында Мақтарал ауданында жасалған тонаумен байланыстырды. Қазіргі уақытта осы фактілерге сәйкес «Тонау» алдын-ала тергеу жүргізілуде.

Оқи отырыңыз:

Желіде барлық сауда орталықтарына бір күндік бойкот жасауды ұсынды

Ұлттық Банк шетел валютасымен пәтер рәсімдеген қарыз алушылардың мәселесін шешті

Болат Назарбаев жас жұбайлардың тойына болып, жастарға Infiniti көлігін сыйлады (видео)

Талқылау