Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біз өмір сүргіміз келеді: Қазақстандықтарды қауіпті сауда орталықтарына бойкот жариялауға шақырды

Қазақстан мен Ресей тұрғындары 31 наурызда сауда орталықтарына бармауға шақырды. Олар әлеуметтік желі арқылы осындай ұсыныс тастады.

Мәтінде Кемероводағы сауда орталығында болған қайғылы оқиғаға байланысты бір күндік бойкот жасау туралы бастама көтерілген.

“31 наурызда барлық СО баруға бойкот жариялауға шақырамыз. Сенбі күні барудан бас тартыңыздар. Осылай істеу арқылы сауда орталығы басшыларына адам өмірінің құндылығы туралы естеріне саламыз. СО иелері шенеуніктердің алдында қағаз түрінде емес, тұрғындардың алдында жауап беруін талап етеміз. Олар бұқаралық ақпарат құралдарының және тұрғындардың қатысуымен үйрету эвакуациясын өткізіп, ТЖ-ға дайындықтарын көрсетсін. “Зимняя вишня” СО-да қаза тапқандар үшін 31 наурызда СО-на бармаңыздар“, – делінген хабарламада.

Режиссер Жанна Исабаева қазақстандықтарды #нетпожарамвтц акциясына қатысуға шақырды.

“Біздің де сауда орталықтарымыз Кемероводағы сияқты арзан материалдардан жасалған. Сонымен қатар, барлық шығу есіктері құлыптаулы”, – дейді Исабаева.

Ол өрт қауіпсіздігін қадағаламайтын сауда орталықтарына бойкот жариялауды ұсынды.

“Біз құлыптаулы есіктер мен өрт кезінде шығатын баспалдақтарды суретке түсіріп, СО-ның атауы мен күнін жазып, ол жерден кетіп қалған себебімізді айтайық. Себеп біреу: біз өмір сүргіміз келеді. Біздің СО ешкімнен де, ештеңеден де қорықпайды. Олар бір нәрседен қорқады. Ол барынан айырылу. Сондықтан бойкот – қазіргі жағдайды өзгертетін жалғыз жол”, – дейді режиссер.

Еске сала кетейік, Кемероводағы өрттен 70-тен аса адам қаза тапты.

Тағы оқыңыз:

Ұлттық Банк шетел валютасымен пәтер рәсімдеген қарыз алушылардың мәселесін шешті

Болат Назарбаев жас жұбайлардың тойына болып, жастарға Infiniti көлігін сыйлады (видео)

Ақтөбеде 75 миллионға жөнделген футбол алаңына тағы 17 миллион керек

Алматыда 7 балдық жер сілкінісі болатыны туралы хабарлама тарап кетті

Талқылау