Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да балабақша тәрбиешісі 5 жасар баланы аяусыз ұрды деп айыпталуда

Оңтүстік Қазақстан облыстық полициясы баланы аяусыз ұрды деген тәрбиешінің ісіне қатысты балабақшаны тексеруді бастап кетті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

8878

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Мақтаарал ауданында ата-анасы 5 жасар ұлдарын балабақша тәрбиешісі ұрды деп полицияға шағым түсірген. Балабақша Асықата ауылында орналасқан.

Ата-анасы сөздерінің дәлелі ретінде баланың денесіндегі жұдырық іздерін көрсеткен. Және олар тәрбиешілердің бұлай істеуі бірінші рет емес деп отыр.

“Кешегі күннен бастап балабақшада тексеру жүріп жатыр. Баланың денесіндегі іздерге қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша, әрі қарай шешім қабылданады”, – деді ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Оқи отырыңыз:

Мысырда ұсталған қазақстандық студенттер елге оралды

Түргенде 8 жасар қызды зорламақ болған қылмыскерге сот үкімі шықты

Полицейлер әйелге ЭКСПО аумағында жоғалтқан құны 1,5 миллион теңге болатын алтын сағатын қайтарып берді

Гиннестің рекордтар кітабына енген алып асық қаңсып далада жатыр (фото)

Талқылау