Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оғыз Доған: Өзім түрік болсам да, қазақ қыздарының түріксымақтарға тұрмысқа шығуына қарсымын

Оғыз Доған қазақ тілінде қызмет көрсетпегені үшін«Air Astana» әуе компаниясымен соттасып, жеңіп шыққан болатын. Енді ол қазақ қыздарының тағдырына алаңдайтынын айтты.

Өзі түрік ұлты болғанымен Оғыз Доған facebook-парақшасына қазақ қыздарының түрікке тұрмысқа шығуына қарсы екенін ашық жазды.

«Түрік болсам да, қазақ қыздарының түріксымақтарға тиюіне қарсымын. Қазақ – бүкіл түркінің көшбасшысы болады. Сақтануы керек!», – деді ол желіде.

“Онсыз да қазақ – саны аз халық!..  Қазақтығынан айрылған әрбір азамат, қазақ деген отбасының 1 мүшесін өлтіргенмен бірдей!”, – деп жазды.

Желі қолданушыларының бірі бұл ойды құптай кетті. Қарсылық танытқандар да бар.

“Сіз сонда түріксымақсыз ба?”, “Жарайсың, Огыз Доған! Ризамын! Денің сау болсын!”, “Сіздің не жұмысыңыз бар, әркім не істесе де өз еркі”, – дейді желідегілер.

Тағы да оқыңыз:

Елімізде ең ұзақ есімімен танымал Ақпантоқпантұрарқожа сотталғалы жатыр

Ақтөбе тұрғыны жын жайлаған үйден отбасымен бірге қалай қашып құтылғанын айтып берді

Жетімсің деп қорқытады: Алматы облысының оқушылары үш жылдан бері мұғалімнен көрген қорлығын жайып салды

Талқылау