Өгей анасы 11 жасар Өркенді өлтіргенін мойындап, кешірім сұрады
11 жасар Өркен Азаматұлын өлтірген өгей ана 25 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алматы облысының аудандық сотында Шәрипа Ақбердиева өз кінәсін толықтай мойындады, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Әйел отбасындағы қиындықтарға бола өгей ұлын өлтіргенін мойындады. Айтуынша, Өркеннің әкесі 12 жыл бойы бала тәрбиесіне араласпаған. Мұнымен қатар, отбасына материалдық қолдау көрсетпеген. Күйеуі ажырасқысы келетінін айтқан кезде Шәрипа Ақбердиева ашуға бой алдырған.
Сотталушы соңғы сөзінде Өркеннің отбасынан кешірім сұрады. Бүгінде 11 жасар ұлдың өліміне қатысты бес күдіктінің ісі қаралып жатыр. Естеріңізге сала кетсек, Өркен қаңтар айында жоғалып, үйге оралмаған. Артынша оның денесі Алматы маңынан табылған.
Жіберіп алмаңыз:
Семейде ұшқан ақшаны ұстамақ болған қыз таңғажайыптың арқасында аман қалды
Ақтөбе облысында мектеп мұғалімі зейнеткерді соққыға жықты
Алматыдағы атыс: Ғаламторда көше ортасында болған атыстың видеосы тарап кетті (видео)
Шымкент тұрғыны бүлдіршінді күрекпен басынан аяусыз ұрып тастады (видео)