Өгей әке 3 жасар қызды соққыға жығып, итпен бірге үйшікте түнеткен
Қырғызстанда 3 жасар қыз түрлі дене жарақаттарымен Ыстық-Ата облыстық ауруханасына түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Чуй қалалық ішкі істер басқармасының тексерісі кезінде қыздың анасымен және 28 жастағы өгей әкесімен бірге тұратыны анықталды.
Тергеушілердің айтуынша, өгей әке баланы үнемі ұрып-соққан. Оның үстіне соңғы рет ер адам қызды итпен бірге үйшікте түнеуге мәжбүрлеген. Осыдан кейін ол ауруханаға жеткізілді.
Қырғызстан Республикасы қылмыстық кодексінің 138-бабы "Азаптау" бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан үкіметі қазақстандық кәсіпкерлерге берген уәдесін неге орындамады?
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр