Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Офтальмолог көзді емдеу туралы 5 танымал мифті жоққа шығарды

Офтальмолог Андрей Попов көзді емдеу және көруді қалпына келтіруге қатысты бес танымал мифті атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Life басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Бірінші миф, көзді шаймен жуу конъюнктивит, қызару немесе құрғақтықты емдейді деген сенім. Бұл пікірді растайтын ғылыми деректер жоқ. Екінші, көздің қарауытуы мен бұлдырауын (катаракта) жою үшін көзге алоэ немесе бал ерітіндісін тамызу. Халық емі катарактаны емдей алмайды. Ауру ағзаның қартаюымен байланысты және бұл құбылыс қайтымсыз. 

Үшінші қате түсінік, перфорацияланған жаттығу көзілдірігін киюге байланысты. Кейбір науқастар содан кейін көру қабілетінің жақсара бастағанын айтады. Алайда нәтиже әдетте қысқа мерзімді және физиологиялық болады. Перфорацияланған көзілдірікті ұзақ уақыт киген кезде, керісінше бұлшықеттердің шамадан тыс кернеу әсері байқалады. Сонымен қатар көз жаттығулары арқылы көруді жақсарту мүмкін емес. Гимнастика фокусқа жауапты бұлшықет спазмы кезінде пайда болатын жалған миопияға пайдалы болуы мүмкін. Басқа жағдайларда көз жаттығулары проблемаларды түзетпейді және көру қабілетін жақсартпайды. 

Пациенттер арасында кең тараған бесінші қате түсінік –  көзілдірік кию көру қабілетін нашарлатады деген сенім. Егер миопия кезінде үнемі көзіңізді қысып, бір нәрсеге назар аударуға тырыссаңыз, көруіңіз нашарлайды", – деді Попов.

Талқылау