AAPL
131.79 $
1.26 %
TSLA
616.6 $
1.94 %
NDAQ
179.79 $
1.38 %
GOOGL
2434.87 $
0.8 %
FB
336.51 $
1.64 %
FRHC
61.6 $
0.39 %
AAPL
131.79 $
1.26 %
TSLA
616.6 $
1.94 %
NDAQ
179.79 $
1.38 %
GOOGL
2434.87 $
0.8 %
FB
336.51 $
1.64 %
FRHC
61.6 $
0.39 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Одағайлардың шығу тегі

Біздің тілімізде одағай сөздердің қызметі ерекше, өйткені адамның көңіл-күйін, сан түрлі сезімін сөзбен айтып жеткізе алмаған жағдайда, тек одағай сөздерді қолдану арқылы дəл түсіндіре аламыз. Одағай сөздермен мектеп уақытынан бері таныс болсақ та, оның қалай пайда болғанын біле бермейміз. Ендеше, бүгінгі материалымызда одағай сөздермен толығырақ танысамыз.

Ең алғашқы кезде одағайлар тіл пайда болмай тұрып, адамның əртүрлі эмоциялық күйін жəне адамның еркіндігін білдірген. Мысалы, "Ах! Ух! Ой!" жəне т.б. Кейін тілдің даму заңдылығынан осы одағайлардан ахылау, ухілеу, ойбайлау сияқты сөздер туған.

Тіл дами келе сөздер тек адамның эмоционалдық көңіл-күйін, сезімін білдіріп қана қоймай, адамның жадында туатын басқа да құбылыс атауларын білдіре бастады. Тіпті, кейбір ғалымдардың пікірінше, тілдің пайда болуының негізі – одағай деп түсіндіреді. Яғни, тіл – адамның табиғи жан айқайы деп атаған. Мұндай айқай басқа адамдарда көңіл білдіру сезімін туғызады. Сондықтан ең алғашқы адамдардың тілі – сезім тілі. Сана – сезімінің арқасында адам өз - өзін бақылай алады. Бұдан адамның сөйлеу тілі калыптаспастан бұрын одағайлар туған деген қорытындыға келеді.

Одағай теориясында тілдің пайда болуына адамның ішкі жан дүниесі жəне оны қоршаған орта құбылыстары əсер еткен.

Одағайлар адам баласының өзі жəне оның жасаған ортасы, жан-жақтағы құбылыстармен қарым-қатынасы нəтижесінде пайда болған. Осыған дəлел ретінде Одағай теориясын атауға болады. Ең алғашқы адамдар тілінде сыртқы орта құбылыстарына тітіркену негізінде әр түрлі одағайлары туған.  Одағайлар ауыр еңбекте, жанашырлық жағдайда, қайғы-қасіретте, жүрек жібітерлік сезімде, қуанышты сəттерде жəне осы құбылыстарға адамның көзқарасын, сезімін білдіру кезінде қалыптасқан.

Ең алғашқы одағайлар дыбыстар түрінде болған. Мысалы, "О! А! Е!" жəне т.б. Кейін осы дыбыстардың негізінде басқа да одағайлар туып, соның негізінде тілдің дамуына жол ашылған. Бұл дыбыстар адамда еріксіз түрде, белгілі бір құбылысқа тітіркену негізінде туып отырған. Сондықтан да біз тілдің пайда болуын одағайлармен байланыста қарастырамыз. Одағайлар тілімізде сонау ежелгі дəуірлерден бері қолданылып келе жатқан тарихи категория болып есептеледі.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр