Облыс әкімдері қол астындағы басшылардың жұмысқа тағайындалуын министрлермен келісетін болады
Әкімдіктегі әрбір бөлім басшысының тағайындалуы сол саланың министрлігімен келісілетін болады. Бұл ереже «ҚР-ның мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық хаттамаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу» туралы заңда қарастырылған. Аталған заң парламентте қабылданып, президентке қол қою үшін жіберілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бастаманы ұсынған депутаттардың бірі Ерсұлтан Бектұрғановтың сөзінше, бұл заңнама мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттыруға септігін тигізетін көрінеді.
«Қазір облыстық басқару қызметінің басшылары әкімдердің тағайындауы және министрдің келісімі бойынша қызметке ие болады. Сонымен қатар әкімдер қол астындағы басшыларды орнынан босатуы да министрмен келісіледі. Бұл ереже жаңа заңда көрсетілген», - деді Бектұрғанов.
Бұған қоса жаңа заңда көрсетілгендей, егер вице-министрі сыбайлас жемқорлықты жүзеге асыру барысында ұсталса, оның басшысы – министр де жұмысынан кету туралы өтініш білдіруі шарт екен.
Қазақстанда декрет төлемдері неге кешігеді және мемлекетте шынымен қаржы жетпей ме?
Қазақстанда 12 миллион адамның тек 4 миллионы ғана ай сайын әлеуметтік аударымдар төлейді
Трактористен ұлт сөзін сөйлеген тұлғаға дейін: Мұхтар Шаханов кім және қандай ісімен есте қалды (видео)
Еңбек жолын қарапайым тракторист болып бастаған