Нью-Йорк орталығындағы танымал алаңда Imanbek-тің суреті пайда болды
Қазақстандық диджей, Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкеновтің үлкен суреті Нью-Йорктің әйгілі Таймс-сквер алаңындағы экранға шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Иманбек Зейкенов бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Музыкант суреттерді орналастырғаны үшін екі дыбыс жазу студиясына алғысын білдірді. Бұл – оның америкалық музыкант Тревор Дэниелмен бірлесіп шығарған жаңа трегінің жарнамасы.
"Тревор Дэниелмен бірге жазған жаңа синглды тыңдаңыздар", – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"