Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нұржаннан қызғанған емес": Салтанат Бақаева күйеуімен қарым-қатынасы туралы сыр шертті

Танымал актриса, “Арнау” тобының солисі Салтанат Бақаева жеке өмірін бүкпесіз баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі  Бота Абдрамановаға берген сұхбатында отбасылық өмірінен сыр шертті. 

“Күйеуім – өнердегі қолдаушым. Біз қыз бен жігіт болып жүргенде-ақ менің өнер адамы екенімді білді. Отбасылы болғанда да өнерден кетпейтінімді біледі. Тұрмысқа шығатын кезде күйеуіме бәрін ашып айттым. Карьерамды жалғастыратынымды түсіндірдім. Әрине, ол қарсы болған жоқ. Әлі күнге дейін мені қолдап отырады. Күйеуім осы уақытқа дейін бір рет болсын "не отбасы, не карьераны таңда" деп айтпапты. Тек жүкті кездерімде ғана болмашы нәрселерге келіспей қалған сәттер болды. Ондай барлық отбасыда болады деп ойлаймын. Қазір соның бәрін күліп, еске аламын", – деді ол. 



Сонымен қатар әнші қоғамда тараған қауесетке де жауап беріп, күйеуінің қызғанбайтынын ашып айтты. 

“Күйеуім әріптестерімнен қызғанған емес. Жалпы, ол кісі бәрін түсінеді. Тұрмысқа шықпастан бұрын, "Арнау" тобындағы Нұржан Керменбаевпен таныстырдым. Жақсы араласып кетті. Нұржанның да отбасы бар. Ешқашан одан қызғанбапты. Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек болса, мен қателеспедім деп айта аламын. Әрбір қызға да осы екі нәрсеге баса назар аударса деймін. Сіз сол таңдаған адаммен өмір бойы тұрасыз", – деп жан сырын ақтарды әнші. 

Еске салайық, "Міндетті емес" деп Салтанат Бақаева Қайрат Нұртасқа қолдау білдірмеген Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты ойын айтқан еді. 

Талқылау