Нұржан Керменбаевтың төртінші перзенті дүниеге келді
Нұржан Керменбаев көпбалалы әкелердің қатарын толықтырды. Әншінің төртінші перзенті дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұлды болған әнші күні кеше әйелі мен жұбайын сән-салтанатпен перзентханадан шығарып алды. Ол атұстарына қандай есім бергенін жариялады.
"Дүниеге Болатбек Имран Нұржанұлы келді. Бар еңбек анасы мен әжелерінікі.
Салмағы 3 келі 50 гр, бойы 50 сантиметр. Келген қонақтарға мың алғыс", – деп жазды Керменбаев.

Сол сияқты әншінің жары Назерке Керменбаева қуанышымен Instagram парақшасында бөлісті.
"Альхамдуллиляһ. Алланың қалауымен БОЛАТБЕК ИМРАН НҰРЖАНҰЛЫ патшамыз аман-есен дүниеге келді. Аяқ-қолымды бауырыма алып жеңілдеп, шүкір Алла деп жатырмыз", – деді ол.
Айта кетейік, жаңа туған сәбиден бөлек, Нұржанның екі ұл, бір қызы өсіп келеді.
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады