Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Сабуровқа Степногорск әкімі болуды ұсынды - қала басшысы не дейді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қаланы комик Нұрлан Сабуров басқарсын деген тұрғындарының ұсынысына жауап берді. Бұл туралы ол журналситерге берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ермек Маржықпаев Сабуровтың өзіне қатысты қарсы ештеңе жоқ деп жауап берді.

"Біз танымал жерлесіміз Нұрлан Сабуровтың өз отанына  құрметпен қарайтынын, алаңдайтынын көріп отырмыз. Бұл өте жақсы. Өңір тұрғындары оған көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіреді, бұл құрметке лайық", – деп атап өтті өңір басшысы.

Сонымен қатар Маржықпаев танымал юморист біліктілік талаптарына сай келмейтінін айтты.

"Егер Нұрлан жергілікті халықтың қала әкімі лауазымына дауысқа түсу туралы ұсынысына гипотетикалық түрде үн қатса, біз оны қарастырар едік. Бірақ мынаны ескерен дұрыс: бізде мемлекеттік қызмет туралы заң бар, ол аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдеріне қойылатын белгілі бір біліктілік талаптарын көздейді", – деп атап өтті облыс әкімі.

Бұған дейін қала әкімшілігі Степногорск тұрғындарының ұсынысына қатысты айтқан болатын. Сол кезде Степногорск әкімдігі улы қалдықтарды кәдеге жарату зауытын салу мәселесін бір жылға жуық ойластырып, Нұрлан Сабуровқа құтқарушы рөлін беру дұрыс еместігін атап өтті.

Талқылау