Нұрлан Қоянбаев "Түнгі студия" бағдарламасының қайта оралатынын хабарлады
Көпшіліктің көзайымына айналған "Түнгі студия" бағдарламасы көрерменге қайта жол тартпақ. Мұндай хабарды жобаның алғашқы жүргізушісі, танымал продюсер Нұрлан Қоянбаев жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Достар, "Түнгі студия" жобасы араға жылдар салып қайта оралмақ! @tungi_studia жазыламыз.
Көрерменнің көзайымына айналған әлем әртістері мен ел мақтаныштарын төріне шығарған халықтық бағдарламаны қайта іске қосу үшін үлкен жауапкершілік пен батылдық қажет болды. Сіздердің белсенді қолдауларыңыз аса маңызды.
Алғашқы эфирге кімді шақырамыз? Құрметті қонақ ретінде кімдерді көргіңіз келеді? Расын айтсам, Сіздермен бірлесе талқылауды жөн көрдім", – деп бөлісті Қоянбаев.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған