Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді
Қазақстанның еркін күрес тарихындағы екінші әлем чемпионы атанған Нұрқожа Қайпанов әлемнің ең үздік балуандарының көшін бастауға жақындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Еркін күрестен Тиранада өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан Нұрқожа Қайпанов әлемнің ең үздік балуандарының көшін бастауға жақындады. 70 келі келі салмақта өнер көрсететін отандасымыз Біріккен күрес әлемінің (UWW) жаңартылған әлемдік рейтингінде екінші орынға жайғасты. Нұрқожа 45000 ұпаймен алдына әлем чемпионатының ширек финалында ұтқан грузиялық Акакий Кемерелидзені ғана жіберген. Ал үздік үштікті финалда Нұрқожадан жеңілген жапон балуаны қортындылап тұр.
Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Ержет Жарылқасынның әлемдік рейтигтің көшін бастағанын жазған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

