Аягөздік бойжеткен Нұрболат Абдуллиннің қолындағы жүзігін сұрап алды
Нұрболат Абдуллин аягөздік тыңдарманына қолындағы жүзігін шешіп берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол ән айтып тұрғанына қарамастан, жүзігін шешіп, оны бейтаныс аруға сыйлады. Қатты қуанған бойжеткен оны бірден тағып алды.
Болған жайттың видеосын жариялаған Абдуллин: "Сақина табылар, көрермен көңілі қымбат", – деп пікір білдірді.
Желі қолданушыларының бір тобы әншінің жомарттығына риза болса, екінші топ қыздың "пысықтығын" сөз етті.
"Сұрауға қалай батылы жетті екен, қолын ұстауға ұялатын едім", "Қыз бала ер азаматтың жүзігін алғаны ұят", "Неке жүзігін алып алмағанына шүкір", "Дым көрмегендей сақинаға жармасқаны несі, әрине, ұялғанынан бере салды", – деп жазды желі қолданушылары.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"