Нұра өзенінде балықтар қырылып жатыр: Мамандар түсіндірді
"Қазгидромет" мамандары Нұра өзені суындағы оттегі мөлшері нормаға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазгидромет" зертханасының мамандары Ақмола облысының Төйтөбе кентінде Нұра өзеніндегі балықтардың қырылуына байланысты 8 мамыр күні өзен арнасының 3 тұсынан судан сынама алып, зерттеген болатын.
Аталған сынамалар судағы аммоний мен ион мөлшерінің нормадан артқанын көрсеткен. 13 мамырдағы мәліметке сәйкес, су сынамасы норма шегіне оралған.
"Бүгін бесінші тәулік қатарынан биохимиялық талдаулар өзен суындағы оттегі мөлшері норма шегінде тұрғанын көрсетті", - деп жазылған "Қазгидромет" мәліметінде.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған