Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанның дамыту орталығында 8 бала уланып ауруханаға түсті

«Нұр Сұлтан» жеке даму орталығында 10-ға жуық бала уланып ауруханаға түсті. Елорда әкімдігі ұйымға тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нұр-Сұлтанның дамыту орталығында 10 бала уанып ауруханаға түсті

Оқушылардың ата-аналары балалардың жаппай улануына шағымданды. Олардың мәлімдемесіне сәйкес, 10-ға жуық бала ішек инфекциясымен ауруханаға жеткізілген.

«Біз қазір бұйрық шығардық, комиссия бар, тексеріс жүргізіп жатырмыз. Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілін де тарттық. Нәтижесінде шаралар қолданамыз. Жеке мектепке дейінгі ұйымдар жеке кәсіпкерлік кодексімен жұмыс жасап жатыр. Егер біз нақты ескертулерді тапсақ, шаралар қолданамыз. Бұл 8-10 баланың уланғанына қатысты», - деді қалалық білім бөлімінің басшысы Әнуар Жанғозин.

Ата-аналар орталықтың әкімшілігін айыптап, дәретхана суы таза суға қосылып кетті деп жатыр. Жанғозин негізсіз мәлімдемелер жасамауды және тексеріс нәтижелерін күтуді өтінді.

"Бұл даму орталығы рұқсатсыз жұмыс істеген. Улануға байланысты өткен аптада 8 шағым тіркелді. Барлық балалар тиісті тексеруден өтті, олардың жағдайы тұрақты. Олардың бәрі үйде. Бұл жағдайда материалдар уәкілетті органдарға берілді", - деді қалалық білім басқармасы. 

Өз кезегінде білім басқармасы ата-аналарды мектепке дейінгі мекемені таңдауда мұқият болуды сұрайды. Ұйым алдымен міндетті қауіпсіздік талаптарына және белгіленген санитарлық нормаларға сай болуы керек.

Талқылау