AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері коронавирусқа қатысты болжам жасады

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова коронавирус бойынша болжаммен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, аурудың негізгі шыңы жаз айларында болған. 

"Жыл соңына дейін бүгінгі күндегіндей біз аздаған өсім тіркеледі деп отырмыз. Қыркүйекте ауруды жұқтыру деңгейі тамыз айымен салыстырғанда 3,5 есе төмендеді. Өткен аптада алдыңғы аптадан қарағанда 8 пайызға аз өсім болғанын байқап отырмыз. Егер сырқаттанушылықтың одан әрі өсуі туралы айтатын болсақ, онда үлкен өсім болады деп ойламаймыз. Өйткені біз қазір төрт толқыннан да өттік. Сырқаттанушылықтың ең жоғары шыңы жазғы кезеңде өтіп кетті", – деп хабарлады Бейсенова ОКҚ брифингінде. 

Сонымен қатар бас санитарлық дәрігер астаналықтарға маусымдық респираторлық инфекциялардың қаупін еске салды. 

"Қалада қыс мезгілінде жыл сайын респираторлық вирустық инфекциялардан аурушаңдық жоғары. Сондықтан қазір тұмауға қарсы вакцина жасап жатырмыз. Барлығын екпе алуға шақырамыз. Жеткілікті түрде ұжымдық иммунитетке қол жеткізілмесе және қарапайым қауіпсіздік шаралары сақталмаса COVID-19 жұғу қаупі төмендемейді", – деп толықтырды Сархат Бейсенова. 

Бұған дейін Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Cұлтан қаласы не себепті "қызыл аймақтан" шықпайтынын түсіндіріп берген болатын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр