Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері қала тұрғындарына жүгінді
Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова Халықаралық әйелдер күні қарсаңында астаналықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мереке күндері қарсаңында қала тұрғындары мен елорда қонақтарына карантиндік шектеу шараларын сақтау туралы тағы да хабарлағым келеді: Маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау, мүмкіндігінше көпшілік жиналатын орындарға бармау, бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырмау", - деді Сархат Бейсенова.
Ол коронавирус инфекциясы бойынша қабылданған шектеу және эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесінде Нұр-Сұлтанда COVID-19-бен сырқаттанушылық қаңтармен салыстырғанда 33,8 пайызға төмендегенін атап өтті. Дегенмен ауырғандар саны соңғы аптада 4,3 пайызға өсті.
Айта кетейік, қазір Нұр-Сұлтан 100 мың тұрғынға шаққанда 54,04 апталық қарқынды көрсеткішпен "сары" аймақта тұр.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салат, түрлі ассорти, стейк, жеміс пен десерт қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар