Нұр-Сұлтандағы сауда орталықтарының бірінде ер адам әйелін кепілге алды
Нұр-Сұлтандағы сауда орталықтарының бірінде ер адам әйелін кепілге алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Хабарланғандай, 4 шілде күні сағат 17.06-да "102" арнасына "Тұлпар" сауда үйінде қару ұстаған ер адам әйелді кепілге алғаны туралы ақпарат түскен.
"47 жастағы ер адам ұсталды. Операция барысында зардап шеккендер жоқ. Араланған шолақ мылтық тәркіленді. Ұсталғанның әйелі кепілде болғаны анықталды. Оқиғаға ажырасу себеп болған. Әйел психологиялық көмек алуда", – деді баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны атап өтілді. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі