Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әрекеттерін видеоға түсірген: Нұр-Сұлтанда зорланған иттерге қатысты тың деректер белгілі болды

Нұр-Сұлтандағы "Астанаветсервис" изоляторында иттерді зорлаған адамдар 50 тәулікке қамауда отырып, айыппұл төлейді. Қараусыз қалған үй жануарлары орталығының басшылығы әлі ешқандай ақпарат бермей отыр. Ал қызметкерлер мұндай жағдай болмағанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

«AstanaVetServis» -тің мал дәрігерлерінің бейнежазбасы желіде жарияланған. Алайда орталық қызметкері жараланған иттерді көрмедім дейді. Ал еріктілер жануарлардың зардап шеккен денелерін тауып алғанын айтады. Солардың бірі Юлия Педченко денелері қанға боялған жануарларды ветеринарға апарған. Жануарларды ветеринарға апарған кезде олардың зорланғаны анықталған. 

Жан-жануарларды қорғау қорының жетекшісі Юлия Педченко жануарлардың жағдайы туралы айтты. 

"Дәрігердің анықтамасына сүйенсек, жануарлар арнайы жыныстық қатынасқа арналған құрылғымен зорланған. Сонымен қатар, бұл видеолар зоофильдердің сайтында жарияланды. Бұл мәселеге қатысты құзіретті органдар зерттеу жүргізуі керек", - дейді Юлия Педченко. 

Қазір иттер дәрігерлердің бақылауында. Олардың біреуі әлі қансырап жатыр. Еріктілер бұл баспанада жануарларға жасалған зорлық-зомбылықтың бірінші оқиғасы емес екенін атап өтті. Қараусыз қалған жануарларды қорғау орталығы қазіргі таңда еріктілер есебінен жұмыс жасап тұрған көрінеді. Еріктілер тамақты да, жануарларға арналған қажетті заттарды да өздері сатып алатынын айтты. 

Бұған дейін «Астанаветсервис» директоры Данияр Абдулов елордада жеті мыңнан астам қаңғыбас ит бар деп мәлімдеген болатын. Жануарларды ұстау, вакцинациялау үшін 120 миллион бөлінген. Алайда бұл қаражатқа қатысты Данияр Абдулов жауап бермеді. Оның көмекшісі Виолетта Сакарлыгина изоляторда жағдай жоқ екенін айтады. Дегенмен жануарларды зорлады деп айыптауға болмайды дейді ол. Иттер жұптасу кезінде немесе ұрыс кезінде жарақаттаған болуы мүмкін деп санайды Виолетта.


Каспий жағалауынан тағы да өлтірілген итбалық табылды


"Жануар 60 күн бойы мемлекет қарамағында болуы керек. Бұл асығыс шешім болды. Техникалық қызмет көрсетуге ақша бөлінген жоқ. Нысанда адам көп. Жануарлар өте көп болғандықтан, өте қиын жағдайда өмір сүріп жатыр", - дейді Виолетта Сакарлыгина.

Экология министрлігі жануарларды қорғау туралы заң жобасын дайындады. Онда жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. 

"Қаңғыбас иттерді ұстау жағдайларын жақсарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Біз еріктілермен жануарлар құқығын қорғау бойынша заңнамалық актілерге ұсыныстар жасаймыз",  - дейді Нұр-Сұлтан қаласы қоршаған ортаны бақылау бөлімінің жетекшісі Дәулет Досқұлов. 

Тек «Астанаветсервис» қызметкерлеріне емес, жай зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айтпақшы, зоофилдерге жаза өте жеңіл болады - ең көп дегенде 50 күн қамауға алу немесе 800 мың теңге көлемінде айыппұл салынбақ. 

Еске салсақ, Нұр-Сұлтандағы еріктілер Ақсүмбе 1 мекенжайындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарға арналған изолятор аумағында зорлаған төрт иттің табылғаны туралы мәлімдеді.

Талқылау