Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтандағы бассейндердің бірінде қыздың мәйіті табылды

Нұр-Сұлтандағы спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 16 қаңтарда сағат 10.18-де кезекші полиция бөліміне астанадағы спорт кешенінің бассейнінде қыздың денесі табылды деген хабарлама келіп түскен. Ақпаратты жедел-тергеу тобы растады.



"Спорт кешенінің жаттықтырушысы бассейнде қозғалмай жатқан қыздың денесін тапты. Оны судан шығарғаннан кейін ол жасанды тыныс алу мен жүрекке массаж жасай бастады. Жедел жәрдем келген кезде 21 жастағы қыздың көз жұмғаны белгілі болды", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға кезінде бассейнде тағы төрт адам болған. Марқұм бұл бассейнге бірінші рет келген. Дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Талқылау