Нұр-Сұлтанда және бірнеше облыста көктайғақ болады
Қазақстанның бірқатар аймақтарында 29 қазанда көктайғақ болжанып отыр. Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден абай болуды сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтан, Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашынның түсуіне және аяз болуына байланысты көктайғақ болады. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ көше жарақаттары: соғылу, шығып кету және сыну қатерлері ұлғаяды.
"Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ұсынады. Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды.
Көктайғақ кезінде азаматтарға тайғанамайтын табаны бар аяқ киім кию ұсынылады. Абай болыңыздар!", - деді ТЖМ қызметкерлері.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі