Нұр-Сұлтанда жаңа көше ашылды
Нұр-Сұлтанда Қорғалжын тас жолы мен Қайым Мұхамедханов көшесін жалғайтын жаңа көше ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Елордада Қорғалжын тас жолынан Қайым Мұхамедханов көшесіне дейінгі Е355 көшесінің құрылысы аяқталды. Осы учаскедегі жолдың ашылуы "Кристалл", "Нұрлы Ұя", "Ерке", "Аркада", "Сенім", Copengangen және басқа да тұрғын үй кешендерінің тұрғындарына көлік қызметін көрсетуді жақсартуға, қолданыстағы көше-жол желісін жеңілдетуге және жалпы Нұр-Сұлтан қаласының жол желісінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Әзірге көшенң атауы белгілі болған жоқ.
Еске салайық, Нұр-Сұлтандағы бірнеше көшенің атауы өзгертіледі. Қаулы жобасы қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында жарияланған еді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған