Нұр-Сұлтанда жүріп бара жатқан пойыз вагоны өртеніп кетті (видео)
18 қарашадан 19 қарашаға қараған түні Нұр-Сұлтан вокзалында қызметтік вагон өртеніп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі өрт станциядағы арнайы өрт сөндіру пойызымен сөндірілді деп хабарлады.
"Өрт салдарынан адам шығыны болған жоқ. Пойыздардың кідірісі, жолдың бұзылуы, сигнал беру құрылғыларының дабыл қағуы, орталықтандыру, жолды блоктау болған жоқ", - деп түсіндірді ұлттық компания.
ҚТЖ-ның хабарлауынша, қызметтік көлік компания қызметкерлеріне арналған және жолдарды жөндеу жұмыстары кезінде қолданылады.
Өрт фактісі бойынша төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің қатысуымен тергеу тағайындалды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған