Нұр-Сұлтанда өзін аналитикалық компания ретінде көрсеткен қаржы пирамидасы анықталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті "Eden Life" қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу органы қаланың сенгіш тұрғындарымен түрлі сипаттағы инвестициялық бағдарлама келісімдерін жасап, ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға қаражат салуды ұсынған тұлғаларды анықтады.
“Бұл ұйым өзін портфельдік инвестиция және қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық және аналитикалық компания ретінде көрсетеді. Департаментте аса ірі көлемде ақша немесе өзге де мүлікке қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде”, – делінген агенттік хабарламасында.
Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды.
Қазақстанда кімдер жәрдемақысыз қалуы мүмкін: Мемлекет табысты қалай есептейді
Министрліктің мәліметінше, отбасының санаты бір ғана жалақыға қарап анықталмайды
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды