Нұр-Сұлтанда өрт: 13 көлік жанып кетті
Нұр-Сұлтанда 13 көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елордалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көлік жуу пунктінің екі қабатты ғимаратында автокөліктердің жанып жатқаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша, 13 жеңіл көлік зақымданды, оның 12-сі толығымен жанып кетті», - деп хабарлады ТЖМ.
Автомобиль жуу орынында көліктер тығыз орналасқандықтан өрт сөндіру қиын болды. Өрт сағат 10.21-де оқшауланып, 10.53-те сөндірілді.
Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар қызметі азаматтарға, техникалық қызмет көрсету станциясының иелеріне және басқа кәсіпорындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынды.
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз": Қазақстандық ата-аналар мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді