Нұр-Сұлтанда құдыққа құлап, опат болған баланың ісі қайта тексерілетін болады
Нұр-Сұлтанда 13 жастағы Өмірхан Бақдаулет қар астында ашық қалған құдыққа құлап, опат болған еді. Бұл істің барысы сотта қарастырылған болатын. Ал қазіргі таңда тексерістің шикілігі анықталып, іс тағы да тексеруден өтеді деп шешілген. Марқұм баланың ата-аналары тек бір адамды қылмыстық жауапкершілікке тартқан сот шешімімен келіспеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
13 жастағы Өмірхан Бақдаулет 2019 жылдың ақпан айында сырғанаққа барып, жоғалып кеткен. 4 күнге созылған іздестестіру жұмыстарының нәтижесінде жеткіншектің денесі ашық қалып, бетін қар жауып қалған құдықтың ішінен табылыпты. Сот сараптамасы баланың суға батып, денесі үсік шалғандықтан көз жұмғанын анықтаған. Дегенмен жәбірленуші тарапты қорғаушы адвокат сараптаманың дұрыстығына күмән келтіріпті. Сөзінше, бұған дейін тұрғындар тұратын ауданның маңында "Астана су арнасы" мекемесінің қызметкерлері 6 құдықты ашық қалдырып кеткен. Бұл жағдайды ұйым басшыларының назарынан тыс қалмаса да, арнайы шаралар атқарылмапты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Құдықтан өлі табылған баланың анасы алғаш рет сұхбат бергені айтылған еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”