Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ажыраспас үшін әйелін жындыханаға жатқызған: Нұр-Сұлтанда келіншек терезеден секіріп көз жұмды

Нұр-Сұлтанда ерлі-зайыптылардың арасындағы дау өліммен аяқталды. Ер азамат әйелінен ажырасудан бас тартып, тіпті оны психиатриялық емханаға жатқызған. Алайда бұған шыдамаған әйел өзіне қол салуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Менің атым - Сымбат. Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық ішкі істер бөлімшесіне арыз жаздым. Олар менің айыптауымды негізсіз деп тапқан. Менің күйеуім Ә. маған қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытып, артымнан аңдып, қай жерде тұрып жатқанымды тауып алатынын айтты. Мені қорқытатын тағы бір нәрсе ол менің қай жерде екенімді біледі", - деп жазды Сымбат Күлжағарова. 

Жазбасында келіншек күйеуінің өзін жындыханаға жатқызғанын жеткізген. Оған қоса күйеуі өзін ұрып-соғып, өміріне қауіп төндіргенін айтты.

"Бұған дейін қорғаушы бұйрық шығарғаннан кейін Ә. оны бірнеше рет бұзған. Бұл мәселеге қатысты 22 қазанда әкімшілік сот болды. Оның шешімімен Ә. кінәлі деп танылды. Ол мені психиатриялық ауруханаға жатқызуға әрекет жасады. Сондай-ақ, Ә-ге қатысты қылмыстық іс қозғалып жатыр. Ұру фактісі бойынша "денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру" мәселесіне қатысты айыпталды", - деп жазды Сымбат. 

Сонымен қатар, Сымбат құқық қорғау органдарының жұмысына көңілі толмайтынын айтты. 

"Айыптау кезінде Ә. ашулы болды, мені қорқытып, өлтіретінін айтты. Мені және қорғаушымды балағаттағаны үшін ескерту алды. Бұл хаттамада да жазылған. Полиция оқиғаның алдын алуы керек деп ойлаймын, оның салдарымен күресіп нәтиже шығаруы керек. Ал олар менің айыптауымды негізсіз деп отыр", - деп жазған ол. 

Қоғам белсендісі Дина Таңсәрі бүгін келіншектің терезеден секіріп көз жұмғанын мәлім етті. Оған қоса, бұл мәселеге қатысы бар органдарға тексеру жүргізу керек екенін айтты.



"Сымбат кешірші, біз сені қорғай алмадық. Сенің үмітіңді үзгендер жазасын алады. Құқық қорғау органдары мен психиятриялық емханаларға тексеру жүргізсе екен. Сымбатқа "Тырыспай-ақ қой, барлығы менің қолымда" деген сөзі үшін оның жұбайы жазасыз қалмаса екен деймін", - деп жазды Дина Таңсәрі.

Оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. 

"Биыл 10 желтоқсанында сағат 02.50-де 102 нөміріне тұрғын үйлердің бірінің жанынан әйелдің денесі табылды деген хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді, суицид фактісі расталды. Тексеру кезінде мамандар келіншек 11-ші қабаттан секірген болуы мүмкін екенін айтылды. Мәйітті қарау кезінде марқұм өзінің өліміне ешкімді кінәламайтынын жазған хаты табылған. Алматы аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы "суицидке итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, сараптамалар тағайындалды және барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Талқылау