Ең жасы 49-да: Нұр-Сұлтанда тағы жеті адам коронавирустан көз жұмды
️Нұр-Султан қаласында коронавирус індетінен 7 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 5 ер адам және екі әйел ауыр инфекциядан көз жұмды. 1961, 1941, 1959, 1946 және 1951 жылдары туған ер азаматтар және 1971, 1958 жылдары дүниеге келген әйел адамдар.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстан бойынша барлығы 147 адам қайтыс болды.
Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 20 мыңға жуықтағаны белгілі болған. Елімізде бір тәулікте коронавирус белгілері жоқ 883 тасымалдаушы тіркелді.
Сонымен қатар, Қазақстанда коронавируспен ауыратын науқастарды есепке алуға арналған мобильді топтар құрылды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”