Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың ішінде төрт айлық сәби бар

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 28 науқастың ішінде төрт айлық сәби болған. Бұл туралы брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

62 жастағы әйел сау баланы өмірге әкелді

"2020 жылдың 20 наурызында тіркелген жаңа үш жағдай - екі ересек пен төрт айлық баланың жанұясы. Олар біздің ауруханада 19 наурыздан бастап жатыр. Олар Париж – Минск – Нұр-сұлтан рейсінен сәтсіз эпидситуциясы бар елде болған тұлға ретінде түсірілді", - деді Сәуле Қисықова.

9 - 20 наурыз аралығында отбасы Францияда демалыста болған. Сондықтан Қазақстанға келген соң оларды бірден стационарға жатқызған.

"Осы үш жағдай бойынша жақын байланысқандарды, ұшақ бортында және басқа да жолаушылар бойынша өңдеу жұмыстары басталды. Жақын қарым-қатынас қатарынан жеті жолаушы анықталды, оның ішінде қазіргі уақытта алты адам ауруханаға жатқызылды. Жетіншісі аймақтық тасымалдауға дайындалуда", - деді басқарма басшысы.

Осы рейстің қалған 63 жолаушысы үй карантині жағдайында анықталған.
Бұған дейін Алматы облысында коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелгені хабарланды. Жалпы Қазақстанда 53 науқас анықталды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр