Нұр-Сұлтанда көпір өртке оранды
Нұр-Сұлтанда Сарайшық көшесінің бойындағы Арқар көпірі өртенді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"14 шілде күні сағат 16.27-де Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне өрт туралы қоңырау келіп түскен. Келген кезде Сарайшық көшесінің бойында Арқар көпірінің тіректерінде электр сымы жанып жатқаны анықталды", – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына AРЭК қызметі электр кабельдерін ажырату бойынша жұмыс істеуге шақырылды.
"Осыдан кейін өрт сөндірушілер тез арада өртті жоюға кірісті. Өрт 17.54-те оқшауланып, 18.05-те жойылды. Зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады ТЖД.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"