Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік өртенді
Нұр-Сұлтанда маршруттық автобус өртенді. Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері зардап шеккендердің жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"27 шілдеде сағат 14:45-те Керей-Жәнібек хандар көшесі мен Түркістан көшелерінің бойында автобус өртеніп жатқаны туралы хабар келіп, өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. Қызметкерлер автобустың қозғалтқыш бөлігі өртеніп жатқанын анықтады. Өрт сағат 14:58-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамының бес адамы мен бір техникасы жұмылдырылған.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты