Нұр-Сұлтанда қаржылық пирамида құрған әйелдер екі мың адамды алдап кеткен
Нұр-Сұлтан қаласында қаржы пирамидасын ұйымдастырып, екі мың азаматты алдап кеткендерге қатысты қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Күдіктілер WhatsApp және Telegram арқылы "Астана Раушан касса айналымы" деген атпен чат ашып, ақша алу үшін 2000-ға жуық салымшы тартқан.
Қаржы мониторингі агенттігінің астанадағы департаменті қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша Р.Ж. Ахымбекова мен К.Ж.Елеукеноваға қатысты қылмыстық істі аяқтады.
Сондай-ақ агенттік азаматтарға аса сақ болып, қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға алданып қалмауға кеңес береді.
Егер қаржы пирамидасына тап болсаңыз, қаржы мониторингі агенттігіне хабарласыңыз. Сенім телефоны: +7 (7172) 708-478.
Айта кетейік, 11 сәуірде елордада Mudarabah Capital қаржы пирамидасына 20 миллион теңге салған әйел жұрттың көзінше өзін өртеп жіберді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"