Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда екі жастағы бүлдіршін иттің көмегімен табылды

Нұр-Сұлтанда қызметтік ит жоғалып кеткен екі жасар баланы тауып, аман-есен оралуына көмектесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Балалар аттракционының жанына полиция қызметкеріне жас келіншек келіп, кішкентай баласын жоғалтып алғанын хабарлады. 20 минут бойы ол баласын өз бетімен таппақ болған, алайда іздестіру жұмыстары сәтсіздікке әкелген. 

“Келіншектің қолында баланың ойыншығы болған, оның иісі арқылы Феликс есімді ит оның ізіне түсті. Он минуттан соң ит оқиға орнынан 300 метр жерде болған баланы тауып берген”, – деп хабарлады қаланың Полиция департаменті.


Қазақстанда вакцина алмағандарды тексеру басталады: Рейдтердің алгоритмі бекітілді


 

Назерке Мұса
Сәрсенбі, 08 Қыркүйек, 2021 13:00
Талқылау