Нұр-Сұлтанда ірі сауда орталығы өртке оранды
Нұр-Сұлтанда “Тұлпар” сауда, ойын-сауық орталығы өртенді. Құтқарушылар мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бүгін сағат 07:36 минутта елордалық Өрт сөндіру қызметінің "101" пультіне Байқоңыр ауданы Уәлиханов көшесі 24 " Тұлпар" сауда үйінде өрт орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. №3 шақырту дәрежесі белгіленіп, өрт сөндіру есептерінің келіп жетуі кезінде 4 қабатты сауда үйдің ең жоғары 4-ші қабатында орналасқан сауда бутиктерінің өртеніп жатқаны анықталды”, – делінген ТЖД хабарламасында.
Департамент ақпаратына сүйенсек, өрт сөндіру жедел штабы құрылып, 2 жауынгерлік учаскеге бөлінген. Қазіргі сәтте өрт орнында елордалық ТЖД-ның 19 техникасы және жеке құрамның 71 адамы жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар