Нұр-Сұлтанда ер адам өзін полиция қызметкері деп таныстырып, жезөкшені бопсалаған
Нұр-сұлтан қаласы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері екі ай бойы азаматтарды алдап, ақша ұрлаған 26 жастағы ШҚО тумасын ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Құқыққа қарсы іс-әрекеттерді жасаған кезде ер адам өзін полиция қызметкері деп таныстырған. Күдікті елорда тұрғынынан 300 мың теңге талап еткен.
Әйелдің жыныстық қызмет көрсететінін біліп, оны әкімшілік қамауға аламын деп қорқытқан. Жалған полицей әйелді өз шотына ақша аударуға мәжбүрлеген", – делінген хабарламада.
Ер адамнің алаяқтықтың тағы бірнеше іске қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"