Нұр-Сұлтанда экстремистік топ мүшелері ұсталды
Нұр-Сұлтанда деструктивті діни ағымды ұстанатын топ ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сотқа дейінгі тергеу шаралары аясында күдіктілер қамауға алынды.
"Олар сот тыйым салған діни бірлестікке қатысып, Қазақстан аумағында экстремистік әрекеттерді ұйымдастыруға адамдарды тартты деген күдікке ілінді", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Ұсталғандардың екеуі бұрын жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны және ұрлық жасағаны үшін сотты болған.
Сотталушылардың тұрғылықты жерінде тінту кезінде экстремистік бағыттағы әдебиеттер және басқа да заттай айғақтар алынды. Тергеу шаралары жалғасуда, деп қосты ҰҚК.
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"
Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова ажырасса, сот үкімі өзгере ме? Адвокат жауап берді
Түпкілікті шешімді кейінге қалдыру мерзімі аяқталған соң сот қабылдайды