Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда бірден төрт ер адам зорлап кеткен мүгедек қыздың ісі жабылды

Нұр-Сұлтандағы он жеті жастағы мүгедек қыздың төрт адаммен зорлануы туралы іс қылмыс құрамының болмауына байланысты жабылды. "НЕ молчи KZ" қоғамдық қорының директоры Дина Тансари (Смаилова) тергеу қорытындыларымен келіспейді және шешімді қайта қарауды талап етеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мүгедек қызды зорлау туралы іс жабылды.

"Полицейлер, прокурорлар мен судьялар әйелдерімізді зорлаудың барлығы дене жарақатынсыз екі жақты келісіммен жасалған нәрсе деп санайды", - деп жазды Дина Тансари Facebook-тегі парақшасында тергеу нәтижелеріне түсініктеме бере отырып. 

Он жеті жастағы қызды бірнеше рет зорлау туралы ақпарат 23 мамыр күні Facebook-тегі құқық қорғаушы парақшасында пайда болды.

Зардап шеккен қыздың анасы берген құқық қорғаушының мәліметтері бойынша, қыз жұмысқа орналасу үшін анықтама алуа шыққан, бірақ адасып кеткен.

Даладағы адамдардан көмек сұраған кезде ер адамдардың бірі оны керекті жеріне апарып тастауға уәде еткен. Алайда оған көмек көрсетудің орнына көлікте зорлап, қаланың ортасында тастап кеткен.

Қай жерде екенін түсінбеген қыз адамдардан көмек сұрайды. Осы кезде оған тағы да біреу көмектесуге уәде берген. Ер адам оны ешкім жоқ жерге апарып, зорлаған, кейін оны досына құрылыс жүріп жатқан жерге қалдырып кеткен. Қызға көмек көрсетудің орнына, ер адам қонақ үйден бөлме алып, жәбірленушіге зорлық-зомбылық көрсеткен.

Таңертең, қонақ үйден шығып, қыз қайтадан қалада сандалып жүрген. Мұны кездейсоқ  кетіп бара жатқан ер адам көріп, ол да зорлаған. 

Кейінірек қыз жұмысқа орналасқысы келген дүкен жаққа келген. Сол жерде оны жұмыс беруші байқап, не болғанын біліп, полицияны шақырған. Полиция департаментінде сотқа дейінгі тергеу басталған.

Кейін полицияда күдіктілердің жеке басы анықталғанын айтты. Аталған тұлғаларға қатысты "ешқайда кетпеу туралы қолхат" бұлтартпау шарасы таңдалғандығын "Астана "телеарнасы хабарлады. БАҚ мәліметтері бойынша, сараптама олардың іске қатыстылығын көрсетті. Ал күдіктілерді бақылау камераларының көмегімен табылған.
 

Талқылау