Нұр-Сұлтанда "Арыстан" тұрғын үй кешені өртенді (видео)
Сенбі күні кешке астанада ірі өрт болды. Төлебаев көшесі, 6 мекенжайы бойынша (Абылайхан даңғылы ауданы) "Арыстан" тұрғын үй кешені отқа оранды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өрт туралы ақпарат сағат 20.05-те түскен. Алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына үш минуттан кейін жеткен.
Өрт құрылыс материалдары мен пластикалық бұйымдары бар қоймада басталған. Аумағы 25 шаршы метр болды. Өрт 20.32-де сөндірілді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды