AAPL
173.19 $
0.63 %
TSLA
927.96 $
3.1 %
NDAQ
191.95 $
0.8 %
GOOGL
122.08 $
0.33 %
FRHC
56.08 $
-3.06 %
AAPL
173.19 $
0.63 %
TSLA
927.96 $
3.1 %
NDAQ
191.95 $
0.8 %
GOOGL
122.08 $
0.33 %
FRHC
56.08 $
-3.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда анасы балабақшаға бір ай қалдырған бүлдіршін көз жұмды: Сот шешімі белгілі болды

Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты балабақшаға қызын өткізіп, бір ай бойы келмеген әйелдің ата-аналық құқығын шектеді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Нұр-Сұлтан қаласының білім бөлімі" ММ-нің азаматша К.-ға қатысты талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Мекеме әйелді үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан айыруды және алимент өндіруді талап етті.

Арызда келтірілген ақпараттарға сәйкес, сотталушы кенже қызын үй ішінен рұқсатсыз жұмыс істеген жеке балабақшаға тәулік бойы қарауға берген. Әйел балабақшаның ақысын төлемеген, қызына бір айдан астам уақыт келмеген. Үлкен қызы әжесінің қамқорлығында болған.

2022 жылдың сәуір айында әйелдің кіші қызы балабақшада көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Бала көптеген дене жарақаттарын алған.

“Сот шешімімен К.-ның үлкен қызына қатысты ата-ана құқықтары шектеліп, бала  оның болашақ тағдырын анықтау үшін "Нұр-Сұлтан қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне берілді. Анасынан алимент өндірілді”, – деді Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр