AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда мақтауын асырған көпқабатты үйдің кіреберісі опырылып түскен

Елордада көпқабатты үйдің кіреберісі опырылып түсті. Абырой болғанда үйінді астында қалып зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

"Құдай сақтап, бір ажалдан қалдық", - дейді тұрғындар. Оң жағалаудағы бұл пәтердің міні мен сыны көп. Енді қыруар қаржымыз далаға кетті ме деп қапалы.

Елорданың оң жағалауындағы Қошқарбаев көшесінде орналасқан "Әулет" көпқабатты үйді азаматтар әу баста комфорт баспана деп алған екен.

“Кепіл емес қой мысалы, басқа подьездерде төбесі құлап түсуі мүмкін. Менің де кішкентай балаларым бар, қорқамын олар үшін. Қуанышым ұзаққа созылмады. Қатты өкініп отырмын. Соншалықты қымбат, қазір білесіздер, материалдар қымбат, қымбат жөндеу жасаттық”, – дейді тұрғын Мадина Мырзахметова. 

Жауапты құрылыс компаниясы болашақ үйдің жоспарын таныстырғанда мақтауын асырыпты. Мұнда воркаут, футбол, балалардың ойын алаңы болады. Үйдің іші-сыртын қымбат тақтатаспен әрлейміз деп әдемілеп жарнамалаған. Түрлі-түсті жоспарын да көрсетіпті мердігер компания.

Тұрғындар соған алданып қалдық дейді. Азаматтардың алғашқы легі мұнда жыл басында көшіп келіпті. Содан бері  жауапты компания үй құрылысын толық аяқтамаған. Сөйте тұра, тұрғындарды келісімшартқа қол қойыңдар деп мазамызды алды дейді.

“Кеше маған компания менеджері қоңырау шалып:"тезірек құжат рәсімдеу керек" деді. Мен әлі күнге сатып алу, сату шартына қол қоймадым. Компания үйімізді толық жөндеп бергенін күтіп отырмын. Сонда ғана қол қойып қалармын. Шынымды айтсам, бұл үйде тұрғым келмей кетті”, – дейді Разалия Өгізбаева. 

Осылайша 300-ден астам тұрғынның жайлы баспанада тұрамыз деген қуанышы су сепкендей басылған. "Далаға кеткен ақшамыз-ай" деп күйінеді. Басқасын былай қойғанда, мердігердің еккен жасыл желегіне дейін қурап, солып жатыр деп ашынады тұрғындар.  

Азаматтардың баспанасына емес, бас ауыруына айналған үйдің автотұрағы. Тұрғындардың айтуынша бұл болар іс болып, бояуы сіңгендегі көрініс екен. Жаңбыр жауған сайын бұл жерде аяқ алып жүре алмай қалады екен.  

Ал жауапты құрылыс компаниясының өкілдерімен жүздесу мүмкін болмады. Оның тұрғындар сұрағына жаттанды жауабы әзір болып шықты.

“Біз өзімізге берілген жоспармен жасадық. Ал тұрғындардың ол жоспарды қайдан алағанын білмеймін. Жертөлеге толған су Қошқарбаев, Жұмабаев көшесіндегі барлық үйге тән құбылыс деуге болады. Өйткені су ағар болмағаннан кейін жаңбыр суы үйге құйылады”, – дейді олар.  

Ал құлап қалған кіреберісті үш күн ішінде жөндеп беруге әзірміз дейді мердігер компания. Бірақ тұрғындар олардың сөзіне сенбейді. Өйткені бұған дейін де құрғақ уәдемен тойдырды дейді. Сондықтан бірлескен түрде сотқа шағымдануға әзір. Өйткені келесі жолы бұндай жағдай қайталанса, біреу-міреу жазым болмасына кепіл жоқ деп отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр