Нұр-Сұлтанда әкімдікке үй сұрап келген көп балалы аналар ер адамды ұрып тастаған (видео)
25 шілдеде Нұр-Сұлтан әкімдігіне келген 7 көп балалы ана құрылыс саласындағы кәсіпкерді балағаттап, ұрып тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұрыс дәл кіреберісте болған. Алдымен ер адамды балағаттаған аналар кейін ұра бастаған. Кейін полицейлер тәртіп бұзған әйелдерді алып кеткен.
"25 шілдеде полицияға 11:12-де белгісіщ әйелдердің Бейбітшілік көшесіндегі әкімдік ғимаратында қоғамдық тәртіпті бұзып, жолды жауып, ер адамды соққыға жыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Тексеріс кезінде жанжалға қатысқандар полицияға бір-біріне қатысты шара қабылдау туралы арыз түсірді. Аталған дерек Сарыарқа ауданы полиция басқармасында тіркелді", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Зардап шеккен ер адам сот-медициналық сараптамадан өтуі керек.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған