Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда 4 жүкті әйел коронавирустан қайтыс болды

Мәслихат депутаттары елордада ана мен бала өлімінің артқанын айтты. Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысының айтуынша, елордада төрт жүкті әйел коронавирустың құрбаны болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы облысында коронавирустан көз жұмған әйел жақындарының түсіне кіріп,

Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қалада жүктіліктен өлім-жітімнің бес жағдайы тіркелгенін айтты.

«Бізде қайтыс болған бес әйел бар. Тек бір жағдайы кенеттен болған коронарлық өлім болса, қалған жағдайларда өлімнің себебі ковидпен байланысты пневмония болды. Өкінішке қарай, оларды құтқару мүмкін болмады», - деді ол.

Ол соңғы жылдардағы нәресте өлімінің көрсеткішін көші-қон жағдайларымен түсіндірді.

«Көп адам сапалы медициналық көмек аламын деген үмітпен елордаға келеді. Көп бала бастапқыда жатырішілік даму кезеңінде әртүрлі ақаулармен ауырады. Жергілікті жердегі дәрігерлерге сенбейді, сондықтан ұлттық кардиохирургиялық орталыққа, нейрохирургиялық орталыққа және ана мен бала орталығында қаралады. Нұр-Сұлтанда қандай да бір медициналық көмек алу үшін олар қалалық емханаларға тіркеледі, ал біз олардан бас тарта алмаймыз. Қиын туған немесе алғашқы айларда шетінеп балалар біздің статистикаға қосылады (сәби өлімі бойынша - ред.)», - деп түсіндірді Мұратов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр