Нұр-Сұлтанда бір жасар бала төртінші қабаттан құлап, аман қалды
Нұр-Сұлтанда бір жастағы бала көп қабатты пәтерлердің төртінші қабатынан құлап, аман қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қалалық полиция басқармасы мәлім етті.
Бір жасар баламен бірге пәтерде анасы және екі жастағы ағасы да болған. Алайда, анасы басқа бөлмеде кір жуып жатқанда, бала терезеге шығып, шыбын-шіркейден қорғайтын торды итеріп, терезеден құлап кеткен.
Қазір бала ауыр жарақаттармен жансақтау бөлімінде жатыр.
Жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда төрт бала көп қабатты үйлердің терезелерінен құлап кетті, бір бала қайтыс болды. Адам өліміне әкеп соққан апат өткен аптада болған.
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"